Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Қазақстан балуандарының Париж Олимпиадасында күресетін уақыты белгілі болды

15.06.2024, 01:08

Еркін күрес пен грек-рим күресінен жеті балуанымыз Олимпиадада ел намысын қорғайды

Қазақстан балуандарының Париж Олимпиадасында күресетін уақыты белгілі болды
olympic.kz

Париж Олимпиадасының басталуына тура 42 күн қалды. Аталған сында күрес түрлерінен сынға түсетін Қазақстан балуандарының бозкілемге шығатын күні анықталды.

Төрт жылдықтың басты ойындарында алғашқы болып грек-рим күресі шеберлері бастайды. Олардың алды 5 тамызда жарыс жолына шығады. 

5 тамыз, Астана уақытымен 18:00-де грек-рим күресінің бәсекелері басталады.

Бұл күні 60 келіде Айдос Сұлтанғали мен 130 кг Әлімхан Сыздықов өнер көрсетеді.

6 тамыз 14:00-де 60 кг және 130 кг жұбаныш белдесулері өтеді.

77 кг Демеу Жадыраев бозкілемге шығады.

60 кг, 130 кг финалдық белдесулер уақыты кешкі 22:30-да басталады.

7 тамыз күні 14:00-де 77 келіде жұбаныш белдесулері өтеді.

87 кг Нұрсұлтан Тұрсынов

77 кг финалдық кездесулер кешкі сағат 22:30-да басталады.

8 тамыз 14:00-де грек-рим күресінен 87 кг жұбаныш белдесулері басталады.

Еркін күрестен 86 кг Азамат Дәулетбеков күреседі.

Грек-рим күресінен 87 кг финалдық белдесулер өтеді.

9 тамыз 14:00-де 86 кг жұбаныш белдесулері өтеді.

125 кг Юсуп Батырмырзаев сынға түседі.

10 тамыз, 14:30-да 125 кг жұбаныш белдесулері.

97 келіде Әлішер Ерғали күреседі.

Кешкі 22:30-да 125 кг финалы өтеді.

11 тамыз 15:00-де 97 кг жұбаныш белдесулері және финалдық айқас өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам