Азамат Дәулетбеков болса өз салмағында әлемдің рейтингтің бірінші сатысында тұр
Күрес түрлерінен Венгрияда аяқталған рейтингілік турнирден соң Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған жарыста топ жарған Әлішер Ерғали 97 келі салмақта 8-орынға тұрақтаған. Бұл салмаққа енді ауысқан Ризабек Айтмұхан 18-орында.
Мейрамбек Қартбай (57 келі) төртінші, Болат Сақаев (79 келі) алтыншы сатыда.
Азамат Дәулетбеков 86 келінің көшін бастап тұр. Ол бірнеше айдан бері рейтингте бірінші орында келеді.
Еске салайық, Әлішер биыл тамызда өтетін Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайды. Ал, оның салмағындағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан бұл жарысқа қатыса алмайды.