Ол әлем чемпиондарына қорқытып қойды
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдында жаңа мәлімдеме жасады.
Боксшы өзінің жаттығу барысынан сурет жариялап, жеңетініне сенімді екенін атап өтті.
Мен қазір нағыз бабымдамын, кез-келген чемпионды жеңемін. 13 шілдеде мен бүкіл әлемге «қазақ стилін» көрсетемін, - деп жазды Жәнібек X парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек бұл кездесуде орта салмақта IBF және WBO белбеулерін қорғайды. Михайлович - IBF желісі бойынша міндетті қарсылас.