Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

16.11.2023, 11:05

Жетісу облысының балуандары жекелей сында көш бастады

Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Туризм және спорт министрлігі

Елордада 12-15 қараша күндері аралығында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ел чемпионаты өтіп, үздіктер есімі анықталды.

Биылғы біріншілікте жекелей салмақтан бөлек, аралас командалық сын бойынша да бәсеке ұйымдастырылып отыр. Қазақстан бойынша аралас-командалық сында 17 команда қатысып, Қызылорда облысының құрамасы жеңіске жетті. Финалға шыққан тағы бір құрама Қарағанды облысы күміс жүлдеге ие болды. Ал қос қола медаль Алматы облысы мен Атырау құрама командаларына бұйырды.

Бұдан бөлек, жеке салмақ дәрежелері бойынша Жетісу облысы 3 алтын, 2 күміспен көш бастаса, Ақтөбе облысы 3 алтынмен екінші сатыға тұрақтады. Ал екі алтын иеленген Маңғыстау өңірі үздік үштікке нүкте қойды.

Қазақстан чемпионатында жүлдеге ілінген балуандар тізімі:

Әйелдер

- 48 кг

1. Диана Буркеева (Жетісу облысы)

2.Жібек Жақсыбай (Атырау облысы)

3. Зарина Хуснадин (Алматы қаласы)

3. Алира Шегелекова (Абай облысы)

-52 кг

1. Нұрсұлу Ералиева (Жетісу облысы)

2. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

3.Аружан Адасқан (Жамбыл облысы)

3. Балнұр Әбдешова (Абай облысы)

-57 кг

1. Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)

2. Севара Нышанбаева (Шымкент қаласы)

3.Ұлдана Усейн (Шымкент қаласы)

3. Дина Мұханбет (Қызылорда облысы)

-63 кг

1. Эсмигүл Куюлова ( Атырау облысы)

2. Ақерке Құлаш (Шымкент)

3. Зарина Сәбитова (Абай облысы)

3. Кристина Сотникова (Абай облысы)

- 70 кг

1. Екатерина Токарева (Алматы облысы)

2. Мөлдір Нарынова (Жетісу облысы)

3. Жансая Кабимуллина (Қостанай облысы)

3. Жанна Сәткей (Жамбыл облысы)

- 78 келі

1. Аруна Жангелдина (Ақтөбе облысы)

2. Маргарита Гриценко (Қостанай облысы)

3. Әсел Бейсенбай (Қызылорда облысы)

3. Назерке Тілеуханова (Абай облысы)

+ 78 келі

1. Камила Берліқаш (Жетісу облысы)

2. Маратова Назгүл (СҚО)

3. Мадина Парагульгова (Алматы)

3. Аида Тойшыбекова (Қарағанды облысы)

 

Ерлер

- 60 кг

1. Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы)

2.Ержан Еренғайыпов (Астана)

3.Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)

3. Дәурен Суюкенов (Алматы облысы)

- 66 кг

1. Есет Қуанов  (Ақтөбе облысы)

2. Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)

3.Еламан Сұлтанбай (Алматы облысы)

3.Алмас Ғалымов (Абай облысы)

-73 кг

1. Асқар Нарқұлов ( Маңғыстау облысы)

2. Дархан Қойбағаров (Жетісу облысы)

3. Барыс Қуан (Абай облысы)

3. Ислам Тоқтасын (Алматы облысы)

- 81 кг

1. Мейірлан Максим (Маңғыстау облысы)

2. Жалғас Қайролла (Абай облысы)

3. Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО )

3. Мәди Амангелді (Астана)

- 90 кг

1. Айдар Арапов (Түркістан облысы)

2. Ермахан Ануарбеков (Абай облысы)

3. Асқар Біржанов (Қарағанды облысы)

3. Құдірет Досымов (Шымкент)

- 100 кг

1. Ислам Бозбаев (Қарағанды облысы)

2. Әділет Сапарғалиев (Атырау облысы)

3. Ермахан Естай (Астана)

3. Бекзат Шағатаев (Атырау облысы)

+100 кг

1. Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)

2. Әділ Оразбаев (Абай облысы)

3. Мәди Еділбаев (Алматы облысы)

3. Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл облысы)

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам