Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Париж-2024: Олимпиада жарыстарының билеттері қанша тұрады?

21.06.2024, 11:18

Ашылу салтанатының ең қымбат билеті – 3850 еуро

Париж-2024: Олимпиада жарыстарының билеттері қанша тұрады?
AP

Париждегі Олимпиада ойындарының ресми сайты алдағы спорттық жарыстарға билеттер сатылымы басталғанын мәлімдеді.

Билеттің орташа бағасы 101 еуроны құрайды. Ұлттық банктің курсына сәйкес, бұл шамамен 50 мың теңге болады. 

Ең арзан баға гольф турнирлерінде: 24 еуро (12 мың теңгеге жуық), ең қымбаты – жеңіл атлетика: орташа баға – 224 еуро (110 687 теңге).

Әртүрлі жарыстарға билеттер бағасы:

  • Футбол – 24-тен 300 еуроға дейін (11 859 - 148 242 теңге).
  • Бокс – 24-тен 520 еуроға дейін (11 859 - 256 952 теңге).
  • Теннис – 30-дан 420 еуроға дейін (14 824 - 207 538 теңге).
  • Ату спорты – 24-тен 45 еуроға дейін (11 859 - 22 236 теңге).

Билет бағасы жарыстың түріне және секторы мен орнына байланысты өзгере береді. 

Ал салтанатты ашылу рәсімінің ең арзан билеті 90 еуро тұрса, ең қымбаты 3850 еуроға тең.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам