Ол Токио Олимпиадасының алдында каннабис қолданғаны үшін жазаланған
Спринттік дистанцияда жүгіретін америкалық желаяқ Ша’Карри Ричардсон Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Ол АҚШ-та өткен олимпиадалық іріктеу турнирінде 100 метрлік қашықтықты жүгіріп өтіп, сайыстың жеңімпазы атанған.
Ричардсон дистанцияны 10,71 секундта еңсерген. Бұл – әлем бойынша тіркелген маусымның үздік нәтижесі.
Бұған дейін 24 жастағы жеңілатлет 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарына іріктелгенімен, ағзасынан тыйым салынған каннабистың бары анықталған. Белгілі болғандай, ол есірткіні сайыс жолағына шықпас бұрын қабылдаған.
Алайда, 2021 жылы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 4 жылдық дисквалификация қаупі төнген спортшының жазасын бірнеше айға дейін ғана қысқартқан.