ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

Күрес түрлерінен Азия чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы 7 жүлде иеленді

01.07.2024, 15:46

Амманда жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды

Күрес түрлерінен Азия чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы 7 жүлде иеленді
ҰОК

Амманда өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында Әйелдер күресінен Қазақстан командасы 7 жүлдеге қол жеткізді.

Бұрымды балуандар арасында Камила Апекова (50 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі) және Тыныс Дубек (62 келі) финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде күміс жүлдеге ие болды.

Ал қола жүлдеге қол жеткізгендер арасында Зейнеп Баянова (53 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі) және Алина Ертөстік (76 келі) дараланды.

Бұған дейін еркін күрестен Қазақстан балуандары Азия чемпионатын аяқтаған болатын. Жастар арасындағы бәсекеде жас балуандар сегіз медаль иеленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам