ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Париж Олимпиадасына қанша спортшы қатысады?

03.07.2024, 18:39

Қазақстан спортшылары аталған сынға 80-нен астам жолдама иеленді

Париж Олимпиадасына қанша спортшы қатысады?
Non content

Париж Олимпиадасының басталуына тура 23 күн қалды. Франция астанасында алауы тұтанатын жарысқа әлемнің екі жүзге жуық елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

Қазақстан спортшылары аталған сынға 80-нен астам жолдама иеленді. Қазіргі уақытта әлем бойынша спорт түрлерінен қатысатын атлеттердің саны анықталды. Сонымен қандай спортта түрінде спортшылар көп? Бұл туралы толық тізім төменде:

Жеңіл атлетика — 1 810 спортшы
Жүзу — 1 370
Велоспорт — 514
Футбол — 504
Академиялық есу — 502
Шөптегі хоккей — 384
Волейбол — 384
Дзюдо — 372
Баскетбол — 352
Нысана көздеу — 340
Гандбол — 336
Желкенді спорт — 330
Байдарка және каноэде есу — 318
Гимнастика — 318
Регби — 288
Күрес түрлері — 288
Бокс — 248
Семсерлесу— 212
Ат спорты — 200
Бадминтон — 172
Үстел теннисі — 172
Үлкен теннис — 172
Садақ ату — 128
Таеквондо — 128
Гольф — 120
Ауыр атлетика — 120
Триатлон — 110
Скейтбординг — 88
Қазіргі бессайыс — 72
Жартасқа өрмелеу — 68
Серфинг — 48
Брейкинг — 32

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам