«Ордабасы» ойынды тағы сатты ма? ҚПЛ-де сауда қызды. Жаңа подкаст!

Мәскеуде еркін күрестен жастар құрамасының бапкері лаңкестік бойынша айыпталды

03.07.2024, 22:01

Әзірге 32 жастағы бапкердің нақты не істеп, кінәлі болғаны белгісіз

Мәскеуде еркін күрестен жастар құрамасының бапкері лаңкестік бойынша айыпталды
Әлеуметтік желі

Ресейдің тергеу комитеті  32 жастағы еркін күрес бапкері Алишер Исматзоданы лаңкестік әрекетке жәрдемдескені үшін ресми айыптады.

Бұған дейін Алишер Исматзодты тұтқындау туралы өтініш Мәскеудің Щербинский аудандық сотына түскен. Іс барысында бапкердің лаңкестік әрекетке көмектескені туралы күдік бары айтылған.  Егер күдік тергеу барысында толық дәлелденсе, Исматзода Ресей заңы бойынша 15 жылға дейін сотталады.

Әзірге 32 жастағы бапкердің нақты не істеп, кінәлі болғаны белгісіз. Щербинский аудандық сотының баспасөз қызметі оның толық аты-жөні Алишер Камаледин Исматзода екенін хабарлады.

Сондай-ақ, ол еркін күрестен Ресейдің спорт шебері көрінеді.  Бапкерлік қызметке кіріскелі бері Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар құрамасының жаттықтырушысының және Мәскеу қалалық жасөспірімдер құрамасының (16 жасқа дейінгі ұлдар) жетекшісі екені белгілі болып отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам