Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Белгілі дзюдошы Жансай Смағұлов күрделі операция жасатты

04.07.2024, 00:28

Бапкерлері мен жақындары оның қатарға қосылып, келесі Олимпиада ойындарына дайындалатынына сенімді

Белгілі дзюдошы Жансай Смағұлов күрделі операция жасатты
instagram.com/Жансай Смағұлов

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Римде тізесіне аса күрделі ота жасатты. 73 келіде күресетін балуанның отасы сәтті өткен. 

JENYS дзюдо клубының мәліметінше, спортшының Еуропада емделуіне Алмаз Алсенов көмек қолын созып отыр. Клуб басшылығының қолдауымен дзюдошыға тиісті медициналық көмекті Италия мамандары көрсетіпті. 

«Клуб әрқашан өз спортшыларын назардан тыс қалдырмайды. Олардың үлкен спортта жетістікке жетуіне мүдделі», - деп жазылған клуб хабарламасында. 

JENYS клубы Жансай Смағұловқа соңына дейін көмек көрсетінін атап, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысатынына сенім білдірген.

Жансай Парижге дейінгі олимпиадалық циклде жоғары нәтижеге қол жеткізе алмады. Ол Токио Олимпиадасынан кейін Азия ойындары, әлем чемпионатына қатысқанымен, үздік көрсеткішке ие болған жоқ. Ал, алда Парижде өтетін ойындарда оның салмағында Данияр Шамшаев ел намысын қорғайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам