Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Өзбекстан Париж Олимпиадасына Қазақстаннан бұрын аттанып кетті

15.07.2024, 22:38

Жалпы Өзбекстан 17 спорт түрінен 85 спортшысын үкілеп қосып отыр

Өзбекстан Париж Олимпиадасына Қазақстаннан бұрын аттанып кетті
Өзбекстан ҰОК

Өзбекстан Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарынан көбірек жүлде алуды көздеп отыр. Қазірдің өзінде негізгі медаль беретін спорт түрлерінен атлеттер Франция астанасына аттанып, дайындықтарын сол жақта жалғастыруды ұйғарған.

Алғаш рет Өзбекстаннан дзюдо құрамасынан 13 балуан өнер көрсетеді. Олар кеше Францияның Нормандия қаласына аттанды. Дзюдо сайысы 27 шілде мен 3 тамыз аралығында өтеді.

Жалпы Өзбекстан 17 спорт түрінен 85 спортшысын үкілеп қосып отыр. Спорт журналисі Аслан Қаженов те өзбектердің Парижге ерте барып алғанына назар аударған.

«Менің білуімше, боксшылар Франция астанасына 21 шілдеде аттанады. Яғни, ар жағындағы 5-6 күнде климат пен уақытқа үйренісіп үлгере ме? Осы сұрақ алаңдатады. Әрине, команданың басы-қасында ғылыми-кешенді топ бар. Олар барлығын есептеп отырған шығар. Сонда да, осы аралық жеткілікті ме екен? Өйткені, Токио олимпиадасында да ұлттық құрама жарыс тақалғанда барып еді. Ал, көрші өзбек елінің өкілдері 1 ай бұрын барып алады. Токиода солай жасаған. Қазір де Парижде жаттығуды пысықтап жатыр», - деп жазды журналист.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Туризм және спорт министрлігі Қазақстан спортшыларын 17 шілде күні Алматыдан шығарып салатынын хабарлады. Еліміздің намысын 80 спортшы қорғайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам