Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Қысқы бас киімі бар». Тамара Дүйсенова олимпиадашылардың формасына баға берді

16.07.2024, 11:32

Журналистер моңғолиялықтардың формасы әлдеқайда әдемі екенін айтады

«Қысқы бас киімі бар». Тамара Дүйсенова олимпиадашылардың формасына баға берді
primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қазақстандық спортшылардың олимпиадалық формасына қатысты пікір білдірді.

Үкімет клуарында Тамара Дүйсеноваға ел спортшыларының Парижге баратын формасына қатысты сұрақ қойылды.

«Менің ойымша, бұл жақсы форма», - деп бағалады Тамара Дүйсенова.

Бұған журналистер моңғолиялық олимпиадашылардың формасы әлдеқайда әдемі екенін айтып, қарсылық білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының киімдерінің арасында қысқы бас киімдері бар, бірақ Париждегі Олимпиада жазда өтеді.

«Әркімге өз формасы ұнайды. Біз өзіміздікін жақсы көреміз. Әріптестер, жап-жақсы форма, одан да нәтиже күтейік», - деп қосты Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп жоғары сапада тігілген формамен жүлдесіз келу мүмкін емес екенін айтқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам