Былтыр ол Алматы қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа күйеуге шыққан болатын
Қоян-қолтық ұрыстан әлемнің үші дүркін чемпионы Сора Рахмонова Алматыда қыз-келіншектермен бірге спорттық таңғы жаттығу өткізбекші. Бұл туралы «Жастар рухы» жастар қанаты мәлімдеді.
Іс-шара 21 шілдеде сағат 9:00-ге Тұңғыш президент саябағында өтеді деп жоспарланған. Жаттығуға ер адамдар қатыса алмайды.
Еске салайық, Сора – даңқты файтер Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы. Ол MMA-да бес жекпе-жек өткізіп үлгерді және төртеуінде жеңіске жетіп, біреуінде жеңілген.
Былтыр жыл соңында Сора Алматы қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа күйеуге шыққан болатын. Содан бері спортшы жекпе-жектерге шыққан емес.