Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Биылғыдай мықты құрам тарихта болмаған - бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері

18.07.2024, 22:58

Париж олимпиадасында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары толық құрамда қатысады

Биылғыдай мықты құрам тарихта болмаған - бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері
sports.kz

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Киличев Парижге баратын биылғы құрам бұған дейінгі құрамдарға қарағанда ең мықтысы деп отыр. 

«Бұған дейінгі бапкерлердің, мамандардың еңбегін ерекше бағалаймын, құрметтеймін. Бұл сөздерді ұстазымыз Марат Галиевич Курбановтың (бокстан Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас бапкері - редакция) сөздеріне сүйене отырып қана айтып жатырмын. Кеше кездесуде ол кісі маған былай деді: «Толқын, мұндай мықты құрам тарихта болмаған, тіпті мен бас бапкер болған кезде де дәл биылғыдай мықты құрама болған жоқ». Боксшыларымыздың әрқайсысына жеке тоқталуға болады. Қатарымызда қазіргі бес әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының чемпиондары бар. Нәтижелерге қарап-ақ құрамның қандай мықты екенін аңғаруға болады», - деді өзбекстандық бапкер.

Айта кетейік, биылғы төртжылдықтың бас додасында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары толық құрамда қатысады. 

Қазақстан намысын мына боксшылар қорғайды: 
51 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Махмұд Сабырхан
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы
71 келі: Асланбек Шымбергенов
81 келі: Нұрбек Оралбай
92 келі: Айбек Оралбай
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам