“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Париждегі Қазақстан елшілігінде спортшылардың суреті ілінді

19.07.2024, 17:43

Қазақстандықтар 25 спорт түрінен Олимпиада жүлдесі үшін өнер көрсетеді

Париждегі Қазақстан елшілігінде спортшылардың суреті ілінді
gov.kz

Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің аумағында Париж Олимпиадасына қатысатын бірнеше отандық спортшының суреті бейнеленген баннерлер орнатылды.

26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасына арналған фотокөрмені еліміздің туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық олимпиада комитеті ұйымдастырған.

Мұнда бокс, дзюдо, теннис, таэквондо, семсерлесу, күрес, көркем гимнастика және велоспорт түрлерінен сынға түсетін еліміздің бірқатар атлеттерінің суреттері бейнеленген.

Олардың ішінде Абиба Әбужақынова, Айдос Сұлтанғали, Миалд Карими, Айбек, Нұрбек Оралбай сынды атлеттер бар.

Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының мүшелері 25 спорт түрінен Олимпиада жүлдесі үшін өнер көрсетеді. Ал төртжылдықтың басты ойындарында еліміздің туын Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова ұстап шығады.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам