Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстанның бразилиялық футзалшылары әлем чемпионатына қатыспайды

19.07.2024, 22:15

Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері өтеді

Қазақстанның бразилиялық футзалшылары әлем чемпионатына қатыспайды
instagram.com/kff_team_futsal

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Футбол федерациясының мәліметінше, дайындық процесінің бірінші кезеңі 5-18 тамыз күндері аралығында Алматыда өтеді. Артынша 5 қыркүйекке дейін Астанада жалғасын табады.

6-10 қыркүйек күндері Алматыда оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, Өзбекстанға аттанады.

Оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше бақылау матчы жоспарланған. Қарсыластар туралы ақпарат алдағы уақытта жарияланады.

ОЖЖ-ға 21 футболшы шақырту алды. Нақты тізімге 14 ойыншы енеді.

Айта кетейік, биыл Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері өтеді. Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.

Тізімге Қазақстан сапында өнер көрсетіп жүрген бразилиялықтар Гомес Эдсон дос Сантос пен Тайнан енбеген. Себебі УЕФА-ның жаңа талаптары бойынша, ұлттық құрама сапында ойнауы үшін легионер сол елде кемінде бес жыл тұруы керек. Тиісінше Эдсон да, Тайнан да бұл талапқа сәйкес келмейді. 
Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы:
Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков, Ерасыл Шарапиденов, Қанат Жеткірбаев;
Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Лео, Азат Валиуллин, Шыңғыс Есенаманов, Абдурасул Абдуманапұлы, Арнольд Кнауб, Қайрат Иманалин, Төрехан Досов, Жахангир Рашит, Нұрқанат Бахтияров, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Семен Тарасенко, Дамир Қайырбай.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам