ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Қазақстан мамандары Парижде теннистен төрешілік етеді

20.07.2024, 16:22

Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода төрелік еткен болатын

Қазақстан мамандары Парижде теннистен төрешілік етеді
ҰОК

Париж олимпиадасында теннистен қазақстандық төрешілер турнирде қазылық етеді. Олардың қатарында Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко еніп отыр.

Еліміздің теннис федерациясынан мәліметінше, Меруерт пен Юлия – халықаралық дәрежедегі күміс белгісі бар мінбедегі төреші санатына ие.

Қос маман екінші рет Олимпиадада төрешілік еткелі отыр. Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода төрелік еткен болатын.

Ал Олимпиада ойындарында еліміздің намысын жекелей сын бойынша әйелдерден Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайды. Бұдан бөлек, жұптық сында Бублик пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам