Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Спортшыларға жарыс кезінде тамақ және дәрі-дәрмек қалай беріледі

22.07.2024, 10:49

Министрлік 2025 жылы әлеуметтік зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр

Спортшыларға жарыс кезінде тамақ және дәрі-дәрмек қалай беріледі
ҰОК

Туризм және спорт министрлігі спортшылар оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шаралар кезінде тамақ және фармацевтикалық препараттармен қалай қамтамасыз етілетіні жөнінде мәлім етті.

Жоғары аудиторлық палатаның 2021 жылғы 13 желтоқсандағы Токио Олимпиадасының дайындығына бөлінген қаржының қаншалықты тиімді пайдаланғанын тексерген мемлекеттік аудиттің қорытындысына сәйкес Министрлікке ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, қолданыстағы тамақтану және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерін қайта қарау және өзектендіру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 28.05.2024 жылғы № 111 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығына оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылардың тамақтану нормаларына мынадай өзгерістер енгізілді:

1) Бір адамның теңгемен есептегендегі тәуліктік шығыстарынан республикалық ұйымдар үшін «дейін» мәтіні алынып тасталды;

2) кейбір спорт түрлері бойынша энергия шығындарын есептеу қайта қаралды (ауыр атлетика және спорттық гимнастика 7000 калорияға дейін, спорттық құзға өрмелеу, практикалық ату, нысана көздеу, стендтік ату, садақ ату, қозғалмалы нысанаға ату және семсерлесу 5700 калорияға дейін).

Дегенмен өзгерістерде тамақтану және фармокологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің тізбесі қайта қаралмаған, сондай-ақ назарға алынбаған. 2014 жылы қабылданған сәттен бері өзекті мәселе ретінде қаралмаған.

Спортшылардың дене даярлығы мен спорттық жетістіктерінің нәтижелілігін арттыру үшін тамақтану нормативтері мен фармакологиялық қамтамасыз ету жиынтығының өзектілігін талдау және зерттеу мақсатында Министрлік 2025 жылы әлеуметтік зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам