ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Олимпиада кезінде алкоголь артық етпейді – ресейлік депутат

22.07.2024, 17:38

Ресейлік депутат өзі қатысқан олимпиаданы еске алды

Олимпиада кезінде алкоголь артық етпейді – ресейлік депутат
© РИА Новости / Евгений Биятов

Олимпиадалық қалашықта алкоголь ішу спортшыларға ешқандай кедергі келтірмейді. Тек допинг қолданбау керек. Бұл туралы үш дүркін Олимпиада чемпионы, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Ирина Роднина "Матч ТВ" арнасында айтты.

«1972 жылы Саппорода өткен алғашқы Олимпиадам есімде. Ол кезде кейбір елдердің, әсіресе Оңтүстік Еуропаның спортшылары түскі және кешкі асқа шарап ішетін. Асханада алкогольдік сусынды емін-еркін ала беретін едік. Себебі, спортшы үшін ащы сусын емес, допинг қиындық тудыратыны белгілі. Осыншама уақыт пен денсаулығын сарп етіп, Олимпиада ойындарына жеттім-ау дегенде олимпиада қалашығында кім өлгенше ішеді? Түскі немесе кешкі асқа шарап ішу әдетке айналған көптеген елдер мен халықтар бар. Шарап, әрине, алкоголь, бірақ оның үлкен тарихы мен дәстүрі бар», - дейді Роднина "Матч ТВ"-ға берген сұхбатында.

Франция астанасында Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Бұған дейін Австралия делегациясының басшысы Анна Мирс Париждегі олимпиада қалашығында алкогольге тыйым салынбайтынын айтқан болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам