МотоТаня көлігін бақылай алмай қалып, жүк көлігіне соқтығысқан
Түркияда «МотоТаня» лақап атымен танымал ресейлік байкер қыз көз жұмды.
Ресейлік байкер әрі блогер Татьяна Озолинаны көпшілік «МотоТаня» лақап атымен біледі. Ол мотоцикл туралы видеолары және ерекше келбетінің арқасында танылды.
Белгілі болғандай, Татьяна Озолина Мугла провинциясының маңындағы Милас елді мекеніне жақын жерде өзінің мотоциклімен апатқа ұшыраған. Өзге әріптестерімен сапар барысында «МотоТаня» көлігін бақылай алмай қалып, жүк көлігіне соқтығысқан. Бойжеткен жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.
Кейбір деректер бойынша, ол тағы бір байкермен соқтығысып, ауыр халде ауруханада қайтыс болған.
«МотоТаняның» YouTube-тегі арнасына 2 миллионға жуық, Инстаграмда 1 миллионға жуық оқырманы бар. Ал TikTok-та оның аккаунтына 5 миллион адам жазылған.