ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Париж олимпиадасында спортшы коронавирус жұқтырды

23.07.2024, 21:40

Франция денсаулық сақтау министрі даурығудың қажеті жоқ екенін айтады

Париж олимпиадасында спортшы коронавирус жұқтырды
sortiraparis.com

Су добынан Австралия құрамасының мүшесі COVID-ке тапсырған сараптамасы оң нәтиже беріп, карантинге жатқызылды.

Times of India мәліметінше, Австралия олимпиадалық делегациясының басшысы Анна Мирес спортшы қыздың атын атаудан бас тартты, бірақ бойжеткенмен бір бөлмеде тұрған және бірге жүргендердің бәрі тест тапсырып, бақылауда екенін алға тартты.

«Біз су добынан екі спортшыны қатыстыруды жоспарлағанбыз, алайда олардың бірі COVID жұқтыруына байланысты оқшауланды. Сондықтан сақтық шараларын сақтау мақсатында олар бүгінгі жаттығуға қатыспайды. Біз COVID-ді тұмау секілді вирус ретінде қарастырамыз. Бұл Токио емес. Спортшы өзін жақсы сезінеді, жаттығуын жалғастырып жатыр, тек басқа бөлмеде ұйықтайды», - деді Мирес баспасөз конференциясында. 

Спортшының командалас әріптестері қауіпсіздік шараларын сақтап, бетперде киіп жүргенін де тілге тиек етті.

Ал Франция денсаулық сақтау министрі Федерико Валету Franceinfo-ға берген сұхбатында былай деді:

«Жағдай толық анықталғанша күтеміз, сонан соң бас дәрігеріміз Кэролин Бродериктен тиісті нұсқаулықтар аламыз. Даурығудың қажеті жоқ. 2020-2022 жылдары болған жағдайдан алшақпыз. Белгілі дәрежеде қауіпсіздік шаралары сақталған, дегенмен қазір COVID-тің таралу деңгейі төмен».

Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам