Парижде Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясы өтті
2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Франциядағы Альпі тауларында өтетін болды. Бұл туралы Парижде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясында белгілі болды.
«Франция президенті Эммануэль Макрон мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар 2030 Олимпиада ойынларын қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді. Біз Францияның ғаламат Олимпиада ұйымдастырарына сенеміз», - деді ХОК басшысы Томас Бах.
Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.