Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Амангелді Сейітханның ұлы Париж олимпиадасында комментатор болады

24.07.2024, 20:20

Париждегі дүбірлі доданы биыл алғаш рет еліміздің бес телеарнасы көрсетеді

Амангелді Сейітханның ұлы Париж олимпиадасында комментатор болады
"Хабар" телеарнасы

Өмірден өткен қазақстандық танымал комментатор Амангелді Сейітхановтың ұлы Бекасыл Сейітхан Парижде (Франция) өтетін Олимпиаданың комментаторлары тізіміне енді.

«Хабар» агенттігі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында комментаторлық қызмет атқаратын тілшілердің есімдерін атады. Бұл міндет Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айбек Қабылша секілді тәжірибелі мамандармен қатар болашағынан зор үміт күттіретін жас өрен Бекасыл Сейітханға да жүктеліп отыр. Осылайша, Бекасылдың өзі де ғұмырын комментаторлыққа арнаған марқұм әкесі Амангелді Сейітханның жолын қуған.

Айта кетейік, Париждегі дүбірлі доданы биыл алғаш рет еліміздің бес бірдей телеарнасы - Qazaqstan, Qazsport, «Хабар», «Ел арна» және Jibek Joly тікелей эфирде көрсетеді.

Осы аталған бес арна ойынның ресми ашылу салтанатын бірдей уақытта тікелей эфирде көрсетеді. Телеарналар жарыс түрлерін өзара бөліп алған.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам