Ол Токио олимпиадасында Моңғолияның атынан қатысқан
Иранның белгілі дзюдошысы Саед Моллаи Әзірбайжан атынан Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды.
Иран билігінің қысымынан кейін елден қашып кеткен танымал дзюдошы 2019 жылдың желтоқсан айында Моңғолия азаматтығын алып, Токио Олимпиадасына қатысты. Ал екі жыл бұрын Әзірбайжанға қоныс аударып, осы елдің құрамасында өнер көрсете бастаған.
Олимпиадалық циклда Моллаи әлемдік рейтингте 14-ші орынға тұрақтаған. Алайда Париж Олимпиадасында рейтингте 6-шы орында тұрған Зелин Цкоев күресетін болды.
Саед Моллаи спорттық мансабында көптеген ірі жетістіктерге қол жеткізді. Дзюдошы әлем чемпионатында топ жарып, бір рет қола медаль иеленді. Ал Азия Ойындарында күміспен күптеліп, Токио Олимпиадасында 81 келіде финалға шыққан.