ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Балауса Мұздыман WBA Asia белдігіне ие болды

Отандасымыз тай боксшысын нокаутқа түсірді

instagram.com/muzdi__
instagram.com/muzdi__

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман (4-0, 3 КО) Таиландта өткен бокс кешінде уақытынан бұрын жеңіске жетті.

Ол тай боксшысы Джиттамат Пхомтомен (5-4, 3 КО) шеберілк байқасып, WBA Asia нұсқасында чемпиондық белдік үшін сынға түскен болатын. Екеуара кездесу алғашқы раундта аяқталып, отандасымыз тай боксшысын нокаутқа түсірді.
 
Осыдан кейін Балауса Мұздыман өзінің кәсіпқой мансабында WBA нұсқасының Азия құрлығы бойынша белдігіне ие болып отыр. Ал Таиланд боксшысы өзінің спорттық жолында бесінші мәрте жеңілістің кермек дәмін татты.
 
Бұған дейін Балаусаның салмақ өлшеу рәсіміне оның әуесқой бокста қарсыласы болған Ангелина Лукас арнайы барған болатын. Екі боксшы ел спартакиадасында кездесіп, Балауса төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам