Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Геннадий Головкин мен Ермек Маржықпаев олимпиада қалашығына барды

25.07.2024, 19:13

Спорт министрі мен ҰОК басшысы спортшыларға сәттілік тіледі

Геннадий Головкин мен Ермек Маржықпаев олимпиада қалашығына барды
ҰОК

Париждегі Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында спорт және туризм Министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада Комитетінің басшысы Геннадий Головкин олимпиада қалашығына барып, спортшылармен кездесті.

Ермек Маржықпаев пен Геннадий Головкин Қазақстан атлеттерінің олимпиадалық қалашықтағы жағдайымен танысты. Сондай-ақ, спортшылармен кездесті.

Спорт министрі мен ҰОК басшысы спортшыларға сәттілік тілеп, алдағы Олимпиадада табысты өнер көрсетуге тілектестік білдірді.

Айта кетейік,  біздің спортшылар қатысатын алғашқы бәсекелер бүгін басталды. 25 шілдеде садақ атушылар іріктеуден өтуде. 

Париж Олимпиадасына спорттың 25 түрінен 80 қазақстандық спортшы жолдама алды.  Ойынның ашылу салтанаты 26 шілдеде өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам