Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Атақты баскетболшы Леброн Джеймс Парижге алғашқы миллиардер ретінде қатысады

26.07.2024, 17:42

Баскетболшы жылына 119,5 миллион доллар алады

Атақты баскетболшы Леброн Джеймс Парижге алғашқы миллиардер ретінде қатысады
Gettyimages.com

Танымал америкалық баскетболшы Леброн Джеймс Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының тарихына төртжылдықтың бас додасына қатысатын бірінші миллиардер ретінде енді.

«Лос-Анджелес Лейкерс» клубының 39 жастағы шабуылшысы – әлемдегі ең табысты спортшылардың көшбасшыларының бірі. Оның жалпы табысы бір миллиард доллардан асады.

Жақында ғана шыққан ең бай атлеттер рейтингінде жылына 119,5 миллион доллар алатын Джеймс төртінші сатыға жайғасты.

Леброн мен оның бірқатар командалас әріптесі көптеген спорттық жобалардың акционерлері. Оның табысының басым бөлігі танымал брендтерден түсіп отырады. 

Леброн Джеймс Олимпиада-2024-тегі алғашқы ойынын 28 шілде күні Сербияға қарсы өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам