Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Бәріне дайынбыз». Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері жағдайға баға берді

26.07.2024, 19:54

Елдос Сайдалин шәкірттерінің мүмкіндігіне тоқталып өтті

«Бәріне дайынбыз». Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері жағдайға баға берді
ҰОК

Бокстан еліміздің әйелдер командасының бас бапкері Елдос Сайдалин жеребе нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

Оның сөзінше, Олимпиада ойындарында осал қарсылас болмайды.

«Жеребе тартылып алғашқы қарсыластарымыз анықталды. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Бұл – Олимпиада, ешқашан осал қарсылас болмайды. Олимпиадаға бокстасамыз деп келдік. Жеребе жеңіл түссе де, ауыр түссе де ешкімнен қашып құтыла алмаймыз. Сол үшін кіммен болса да қарсыласуға дайынбыз», - деді бас бапкер Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Елдос Сайдалин шәкірттерінің мүмкіндігіне тоқталып өтті.

«50 мен 57 келі салмақта 22 боксшыдан болса, 75 келі салмақта 16 боксшы қыз жұдырықтасады. Осыдан-ақ, кімге қандай мүмкіндік барын бағамдай беруге болады. Жалпы, бізге ешқашан босаңсуға, шаршы алаңда қателесуге болмайды», - деді ол.

Елдос Сайдалин еліміздің әйелдер құрамасының бас бапкерлігіне сәуір айында тағайындалған болатын. Ол 2021 жылдан бері бас бапкер болған Шәміл Сафиуллинді алмастырған еді.

Бас бапкер 2020 жылдан бері әйелдер боксынан Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамаларының аға бапкері қызметін атқарған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам