Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

«Өте қымбат». Ислам Байрамуков Алматы әуежайындағы қымбатшылыққа реніш білдірді

26.07.2024, 22:04

Ол жарты литр суды 1200 теңгеге сатып алуға мәжбүр болған

«Өте қымбат». Ислам Байрамуков Алматы әуежайындағы қымбатшылыққа реніш білдірді
Туризм және спорт министрлігі

Еркін күрестен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков Алматы әуежайындағы қымбатшылыққа қатысты шағым білдірді. 

Кезекті сапарының бірінде Алматыдан ұшпақ болған республикалық спорт колледжінің директоры жарты литр суды 1200 теңгеге сатып алуға мәжбүр болған. Алайда өзінің құнынан 5-6 есе қымбатшылыққа куә болған ол әлеуметтік желіде жазба жариялады. 

«Алматы әуежай, мыналарың ұят! Артық ештеңе жоқ, бұл тек бизнес», - деп жазды Ислам Байрамуков. 

Алайда оның бұл базынасына Алматы әуежайының не деп үн қатқаны белгісіз. Дегенмен, спортшының жазбасына қарап қатты қапаланғанын байқауға болады. 

Ислам Байрамуков биыл арнайы конкурс нәтижесінде Алматыдағы республикалық спорт колледжінің басшылығына бекітілген болатын. Ол еркін күрестен ұлттық құрама сапында күресе жүріп, үш Олимпиадада бақ сынады. Алайда Атланта мен Афиныдағы доданы сәтсіз аяқтаған балуан Сиднейде финалға дейін жетіп, 97 келіде күміс жүлдегер атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам