Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Спорт басқармаларының басшыларына сеніп «қораға» кірдім - Еркебұлан Шынәлиев

27.07.2024, 11:22

Ол бюджеттің ақшасын талан-таражға салып жатқандар туралы сөз қозғады

Спорт басқармаларының басшыларына сеніп «қораға» кірдім - Еркебұлан Шынәлиев
Видеодан кадр

Бокстан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев «Уақыт ТВ» бағдарламасына берген сұхбатында «Арт спорт» бағдарламасына қатысты тағы бір былықты айтты.

Бұрынғы «Арт спорт» кейін «Даму бала» болып өзгерген бағдарлама бойынша секция аштым. 1,5 жылдай жұмыс істедім. Марқұм Бекзат Саттарханов ағамыз дайындалған «Еңбек резерві» деген зал бар. Сол жерде өткіздім. Өзім де 1996 жылы ең алғаш сол жерде Анатолий Визириякиннің қол астында жаттыққанмын. Жалпы 1 жыл 4 ай балаларды дайындадым, маған тек 3 айдың ғана ақшасын берді. Қалған 13 айдың ақшасын алмадым. Қайта «қораға» кіріп кеттім, үйімді кепілдікке қойдым», - дейді Еркебұлан Шынәлиев.

Оның айтуынша, спорт басқармасының басшылары ақша тауып істей бер кейін қатырамыз деп уәде еткен. Бірақ орындамаған.

«Менің жаттығуыма балалардың бәрі келетін. Ал басқаларында қағаз жүзінде бар, бірақ жаттығу жасамайды.  «Көзбояушылықпен» айналысады.  200-300 баланы тіркеп, тек 30-40-ын жаттықтырады. Бастықтар біледі, бірақ ауызбастырық алып отырған соң үндемейді. Антикордан бастап органдардың қайсысы келсін, кез келген спорт мектебін көрсетіп бере аламын. Тіпті, «сыщик» те бола аламын. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының спорт басқармасы мені «террорист» көріп жүр ғой. Оларға көрсетемін. Бұл жерде бюджеттің ақшасын талан-таражға салу көп», - дейді боксшы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам