“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Елдос Сметов ширек финалға шықты

27.07.2024, 14:30

Ол Токио Олимпиадасының күміс жүлдегерінен айласын асырды

Елдос Сметов ширек финалға шықты
ҰОК/Сали Сабиров

Парижде өтіп жатқан Олимпиада Ойындарында ерлер арасында Елдос Сметов Украина дзюдошысын ұтып, ширек финалға шықты.

1/8 финалда Елдос Сметов Украина балуаны Дильшод Халматовтың вазари ұпайымен ұтты. Енді отандасымыз ширек финалда тайпейлік балуанмен күресетін болады. Айта кететін жайт, Тайпей өкілі Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова бірінші кездесуінде Израиль балуанынан вазари ұпайымен қапы қалдырды. Ол кездесу барысында екі рет ескерту алғанына қарамастан өзінің әдісін соңына дейін іске асырды. Абиба енді Тайпей мен Колумбия балуандары жұбының жеңімпазымен күресетін болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам