Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақстан кикбоксинг шеберлері әлем чемпионатынан үздік нәтижемен оралды

27.11.2023, 13:27

Аталған спорт түрі Олимпиада бағдарламасына енбеген

Қазақстан кикбоксинг шеберлері әлем чемпионатынан үздік нәтижемен оралды
Фото ашық дереккөзден

Португалияда кикбоксингте өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 22 медаль иеленді. Албуфейра қаласында жалауы желбіреген ересектер арасындағы әлем біріншілігін отандастарымыз табысты аяқтап отыр.

Бұл сында Қазақстан құрамасының өкілдері 5 алтын, 5 күміс және 12 қола медалға қол жеткізді. Отандастарымыз фулл-контакт, лоу-кик және К1, кик-лайт секілді төрт түрлі сын бойынша шеберлік байқасты. 

Чемпионатқа 70 мемлекеттен 573 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының мүшелері фулл-контакт бойынша 75 келіде Марғұлан Айдарұлы чемпион атанды. Сонымен бірге, Данияр Жарасов (54 кг), Аслан Асылбеков (57 кг), Мақсат Үсіп (71 кг), Тимур Ғанза (81 кг) екінші орын алған. Ал чемпионаттың қола жүлдесін 51 келіде ел намысын қорғаған Дінмұхамед Баймұратов пен 67 келіде Батырхан Қуандықов иеленіп отыр.

Лоу-кикте Диас Карманов (57 кг) чемпион атанса, Алихан Оздоев (67 кг) күміс жүлде иегері атанды. Сондай-ақ, Алина Төлегенова (52 кг), Бейбарыс Сауханбек (60 кг), Шара Хамзина (65 кг) қолаға қол жеткізді.

К1 түрі бойынша Нұрсұлтан Жұмабаев (51 кг), Арсен Сойырқас (54 кг), Нұрдаулет Қалшора (57 кг) әлем чемпионы атанып, ел әнұранын шырқатты. Шыңғысхан Тілемісов (63,5 кг), Берік Қалықов (71 кг), Руслан Степанов (81 кг), Гүлбану Саматова (70 кг), Салават Рахимзанов (91 кг) қола жүлдені қанағат тұтты. Бұдан бөлек, кикбоксингтің кик-лайт түрінен Мереке Жүнісова (+70 кг), Фазлиддин Сафаров (+91 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам