Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Париж Олимпиадасындағы алғашқы алтын жүлде қоржынға түсті

27.07.2024, 21:34

Елдос Сметов финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидзені жеңді

Париж Олимпиадасындағы алғашқы алтын жүлде қоржынға түсті
ҰОК

Елдос Сметов дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада Чемпионы болды.

60 келі салмақта белдескен қазақстандық спортшы финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидзені жеңіп, спорттық мансабындағы үшінші олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Елдос 2016 жылы күміс, 2020 жылы қола жүлде еншілеген еді.

Елдосты және барлық қазақ халқын көптен күткен алтын жүлдемен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс құтты болсын!

 

Белдесудің толық нұсқасын QAZPORT TV YouTube арнасынан тамашалай аласыздар

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 52
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам