Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Абиба Әбужақынова жеңілісіне қатысты пікір білдіріп, эмоциясын жасыра алмады (ВИДЕО)

27.07.2024, 23:28

Ол Олимпиада ойындарында бесінші орын иеленді

Абиба Әбужақынова жеңілісіне қатысты пікір білдіріп, эмоциясын жасыра алмады (ВИДЕО)
olympic.kz

Дзюдодан Олимпиада ойындарында 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, үшінші орын үшін болған белдесуде жеңіліп қалған қазақстандық балуан Абиба Әбужақынова жарыстан кейін журналистер сұрағына жауап берді.

Еске салайық, ширек финалда жерлесіміз испан қызынан жеңілсе, жұбаныш белдесуінде Парагвай балуанын ұтқан еді. Ал, қола жүлде үшін болған кездесуде 18 жастағы швед дзюдошысынан айласын асыра алмады.

«Білмеймін... Жарақат болса да шыдайтын едім, сол қателік... Қарсыласым швециялық Тара Бабулфатпен күресу өте қолайсыз әрі тиімсіз болды. Әдіс жасатпайды, лақтыра алмайсың. Қаншама әрекет жасадым, бәрібір өзінікін істеді. Ол жарақатымның барын біліп, аяқтан теуіп тұрды. Әрі қарай күресуге тырыстым. Бірақ болмады», - дейді Абиба эмоциясын жасыра алмай.

Осылайша Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасын бесінші орынмен аяқтады. Ал, ерлер арасында 60 келіде сынға түскен Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам