ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Олимпиада комитеті Оңтүстік Кореяны Солтүстік Кореяға «қосып» жіберген

28.07.2024, 13:19

Корея Республикасының басшылығы ашуланып, Бахпен кездесуді талап етті

Олимпиада комитеті Оңтүстік Кореяны Солтүстік Кореяға «қосып» жіберген
Ашық дереккөз

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында ел делегациясын таныстыру кезіндегі қателік үшін Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльден кешірім сұрады.

26 шілде күні шеруде Оңтүстік Корея спортшыларын таныстыру кезінде КХДР деп атаған. Осыдан соң Корея Республикасының басшылығы ашуланып, Бахпен кездесуді талап етті.

«Бүгін ХОК президенті Томас Бах Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльмен сөйлесті. Телефонмен сөйлесу кезінде ХОК президенті Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы аудиотрансляциядан кеткен қателік үшін кешірім сұрады. Бұл адамның қателігі, сол үшін ХОК кешірім сұрайды», — деді ХОК-тің коммуникациялар жөніндегі директоры Марк Адам.

Париждегі Олимпиада 27 шілде мен 11 тамыз аралығында өтіп жатыр. Олимпиада ойындарының бағдарламасында 32 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынуда.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам