“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Елдегі бай бизнесмендер Елдос Сметовке қандай көлік сыйлайтынын білмей басы қатуда

28.07.2024, 11:53

Бұған дейінгі Олимпиадада спортшыға Mercedes-Benz автокөлігі сыйға берілген еді

Елдегі бай бизнесмендер Елдос Сметовке қандай көлік сыйлайтынын білмей басы қатуда
olympic.kz

Қазақстандық танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов пен Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Парижде алтын алған Елдос Сметовке көлік сыйламақ.

Бұған дейін кәсіпкерлер Сметов Токиодан қола алып келгенде де темір тұлпар мінгізген. Сол уақытта Жұмабек Жанықұлов кілтті табыстап тұрып: «сенің қолаң бізге алтыннан қымбат» деп ағалық қамқорлығын көрсеткенде, Елдос та жігерленіп: «Париждің алтынын алып келемін», - деп уәде беріпті. Елдос уәдесінде тұрды.

Енді кәсіпкерлер Елдос Сметовке қандай көлік сыйлатынын білмей басымыз қатып отыр дейді: «Алматыға барамыз. Елдостың келетінін білеміз. Елдостың маңдайына қандай көлік жазылып тұрғанын көреміз», - деді Жанықұлов.

Ал Руслан Берденов көлік салондарын ұсыныспен шығуға шақырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам