“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Сметовтен ұтылған дзюдошыны Франция президенті құттықтады

29.07.2024, 12:29

Шешуші сәтте Елдос Сметовке есе жіберген балуанға мемлекет басшысы арнайы келген

Сметовтен ұтылған дзюдошыны Франция президенті құттықтады
Видеодан кадр

Франция президенті Эммануэль Макрон дзюдодан Париж Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған Лука Мхеидзеге құрмет көрсетті. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Төртжылдықтың басты ойындарында 60 келіде финалға шығып, шешуші сәтте қазақстандық Елдос Сметовке есе жіберген балуанға мемлекет басшысы арнайы келген.

Финалдық белдесуді Макрон залда отырып тамашалаған еді. Француз балуаны жеңілгеніне қарамастан, ол өз елінің спортшысын құттықтап, өнеріне риза екенін жеткізді. Лука Мхеидзе Олимпиадада барлығы 4 белдесу өткізді. Француз дзюдошысы 2020 жылы Токио Олимпиадасында Сметовпен бірге қола жүлде иеленген болатын. Париж додасында оның есімі фавориттер қатарына енген.

Айта кетейік, 27 шілде күні Елдос Сметов ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұған дейін екі Олимпиадада жүлдегер атанған 32 жасқа аяқ басқан отандасымыз өзінің спорттық мансабында ең биік нәтижеге қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам