Теннисші Қазақстан халқынан кешірім сұрады
Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздік себебін айтты, деп жазады
Теннисші Olympic.kz-ке берген сұхбатында жеңіске жету қолынан келмегенін айтады.
"Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді. Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын.
Недовесовпен соңғы рет 2022 жылы ойнадым. Жұптасып жаттығуға да мүмкіндік болмады. Бірге ойнайтын тәжірибеміз аз. Бірақ бұл да ақталу емес", - деді Бублик.
Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындарында қазақстандық теннисшілер жарыс жолын түгел аяқтады.
Біздің команда сапынан соңғы болып кортқа шыққан Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында жеңіліп қалды.