Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Үшінші алтынға барамын»: екі дүркін Олимпиада чемпионы мәлімдеме жасады

30.07.2024, 11:57

Ол келесі Олимп шыңын қарындасымен бірге бағындыруға уәде берді

«Үшінші алтынға барамын»: екі дүркін Олимпиада чемпионы мәлімдеме жасады
AP

Парижде дзюдодан 66 келіде Олипиаданы екінші рет жеңіп алған жапониялық Хифуми Абэ өзінің жеңісі және қарындасының жеңілісі туралы айтты.

Бұған дейін Токио Олимпиадасында топ жарған және әлемнің төрт дүркін чемпионы болған ол бұл жетістікпен тоқтауға ниетті емес екенін мәлімдеді.

«Парижде жеңіске жету – соңғы үш жылда менің ойымнан бір сәтке де шыққан емес. Осы уақытта өте ауыр күндер болды, мен беріліп, бәрін тастап кеткім келді. Бірақ өзіме сендім және жалғастырдым.

Маған сенген баршаңызға алғыстан басқа айтарым жоқ. Трибунадағы дауыстар мені қанаттандырды, маған күш берді және мен мұны ешқашан ұмытпаймын.

Мен тек өзім үшін емес, қарындасым үшін де соңына дейін күрестім. Әрине, бұл – біз күткендей нәтиже емес, екеуміз де чемпион боламыз деп келген едік. Демек, біздің саяхат мұнымен аяқталмайды, біз Олимпиаданың жаңа шыңын бағындыру үшін қайта жорыққа шығамыз», - деп жазды даңқты дзюдошы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жапон дзюдошысы Парижде 4 белдесу өткізіп, Венгрия, Тәжікстан, Молдова, Бразилия балуандарын ұтты. Оның салмағында Қазақстан дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев та жүлде алып, Абэмен бірге тұғырға көтерілген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам