Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Абылайхан Жұбаназар үшін Париж Олимпиадасы аяқталды

30.07.2024, 13:52

Отандасымыз венгр балуаны Аттила Унгрвариге есе жіберді

Абылайхан Жұбаназар үшін Париж Олимпиадасы аяқталды
Сали Сабиров

81 келіде белдескен отандасымыз енді жарысты аяқтап, жүлдеден тыс қалды. Ол бірінші айналымда венгр балуаны Аттила Унгрваримен шеберлік байқасқан еді.

Кездесудің негізігі уақытында екі балуан да нәтижелі әдіс жасай алмады. Осылайша жеңімпаз қосымша уақытта аяқталды. Төрешіден екі ескерту алып, әдіс жасауға көшкен Абылайханнан қарсыласы қарымта шабуылмен ұпай алып кетті.

Бұған дейін Олимпиада татамиіне 3 балуанымыз шыққан болатын. Олардың арасында 60 келіде Елдос Сметов чемпион атанса, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болды. Ал кеше 73 келіде Данияр Шамшаев күресіп, алғашқы кезеңде Өзбекстан өкіліне жол берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам