Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Медалімді марқұм әжеме арнаймын – дзюдошы Диёра Келдиёрова

30.07.2024, 12:27

Спортшы барша өзбек халқына, Самарқан тұрғындарына алғыс айтты

Медалімді марқұм әжеме арнаймын – дзюдошы Диёра Келдиёрова
DANIEL IRUNGU | Scanpix

Өзбекстан құрамасы сапында Олимпиада ойындарында чемпион атанған дзюдошы Диёра Келдиёрова барша өзбек жұртына алғысын айтты.

Парижде 52 келіде алдына жан салмаған Диёра медалін кімге арнайтынын да атап өтті.

«Мені қолдап жатқан барша өзбек халқына, Самарқан тұрғындарына, туған-туыстарыма, атам мен әжеме алғыс айтамын. Сіздер маған аямай қолдау көрсеттіңіздер. Бұл бәріміздің медаліміз. Дзюдоға алғаш болып марқұм әжем алып келген еді. Өкінішке қарай, чемпион атанғанымды көре алмай кетті. Әйтпесе қатты қуанушы еді. Жоғары жақта мені қолдап-қуаттап тұрғанын білемін. Бұл медаль әжемдікі. Екінші әжем де үнемі қолдап, тілеуімді тілеп жүреді. Сол кісілердің тілегінің арқасында жеңіске жеттім. Алғысым шексіз», - деді Келдиёрова.

Бұған дейін өзбек қызы отандастарын жапон Ута Абэге жағымсыз пікір айтпауға шақырған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам