“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қытайдағы қазақ боксшысы Олимпиадада жеңіліп қалды

30.07.2024, 16:02

Ол төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша 5:0 есебімен қарсыласына жол берді

Қытайдағы қазақ боксшысы Олимпиадада жеңіліп қалды
ашық дереккөз

Бокстан Қытай құрамасында өнер көрсететін Тоқтарбек Таңатқан Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңдерінде есе жіберді.

1/16 финалда Доминика боксшысы Кристиан Пиналесмен кездескен қандасымыз үш раунд бойынша басымдықты беріп қойды. Ол төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша 5:0 есебімен қарсыласына жол берді.

Жеребе қорытындысы бойынша Қытайдағы қазақ боксшысы Қазақстан құрамасының өкілі Нұрбек Оралбаймен жолы жартылай финалда кездесуі мүмкін болған.

Айта кететін жайт, Тоқтарбек Олимпиада ойындарында үздіктер қатарына енген еді. Ол өз салмағында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Сондай-ақ, былтыр Қытайда өткен Азия Ойындарында 80 келіде жеңімпаз атанып, Олимпиада жолдамасына ие болды.

Қандасымыз 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысқан. 75 келіде бақ сынаған қазақ боксшысы сол жол жолы іріктеу бәсекесінде болашақ Олимпиада чемпионы, Бразилия боксшысына есе жіберген еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам