Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Олимпиаданың ашылуында ән айтып, жұртты тамсандырған қазақ дзюдошысы жеңіліп қалды

02.08.2024, 14:15

Отандық дзюдошы ескерту алып, жарысты аяқтады

Олимпиаданың ашылуында ән айтып, жұртты тамсандырған қазақ дзюдошысы жеңіліп қалды
Сали Сабиров

Дзюдодан Париж Олимпиадасында бүгін жарыс жолына шыққан Кәмила Берліқаш алғашқы белдесуінде есе жіберді.

+78 келіде сынға түскен отандасымыз Моңғолия балуаны Адиясурен Амарсайханмен татамиге шыққан болатын. Кездесу барысында негізгі уақытта есеп нәтижесі тең аяқталды. Қосымша уақытта сылбыр күрескені үшін отандық дзюдошы ескерту алып, жарысты аяқтады.

Кәмила Берліқаш аса ауыр салмақта Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Ол бұған дейін Гранд Слэм турнирінде күміс жүлдегер атанған болатын.

Айта кететін жайт, 26 шілде күні Олимпиаданың ашылуында Кәмила Қазақстан спортшылары мінген қайықта ән салып, көптің көзайымына айналған еді. Кейін спортшы әлеуметтік желіде бірнеше күн бойы түрлі Париж көшелерінен сурет жариялап, "Елдостың жетістігі жұғысты болсын" деген жазба жариялаған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам