“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Әділбек Мусин жүзуден Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

02.08.2024, 14:26

Мусин жалпы есепте 29-сатыдан көрінді

Әділбек Мусин жүзуден Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады
ҰОК

Жүзуден Қазақстан командасының мүшесі Әділбек Мусин Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмады. 

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түскен Мусин өз тобында бесінші орын алса, жалпы есепте 29-сатыдан көрінді. 

Ал жартылай финалға алғашқы 16 спортшы өтеді.

Айта кетейік, бұл Әділбек Мусиннің соңғы жарыс күні. Осымен қазақстандық атлет Олимпиада ойындарын аяқтады. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам