“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Даңқты Тедди Ринерден жеңілген грузин балуаны төбелес шығарып, жарыстан шеттетілді (ВИДЕО)

02.08.2024, 16:06

Есесіне өзбек балуанының жолы болып кетті

Даңқты Тедди Ринерден жеңілген грузин балуаны төбелес шығарып, жарыстан шеттетілді (ВИДЕО)
globallookpress.com

Париж Олимпиадасында дзюдодан аса ауыр салмақтың ширек финалында балуандар арасында төбелес шықты. Даңқты француз дзюдошысы Тедди Ринер грузин балуанын жеңгеннен кейін екеуінің арасында ерегіс басталып, соңы жаға жыртысуға ұласып кете жаздады.

Олимпиада Ойындарының үш дүркін чемпионы Тедди Ринер грузиялық Гурам Тушишвилимен ұзақ күресіп, соңғы сәтте нәтижелі әдіспен жеңіске жеткен болатын. Алайда, қызбалыққа салынған грузин спортшысы қарсыласына сес көрсетіп, ерегесуге дейін барды. Ол шабуыл жасаған сәтте Ринер қарымда әдіс жасаған еді. Осылайша иппон ұпайымен ұтылған Гурам оны аяғымен тіреп, өзінен асыра лақтырып жіберді. Сонымен бірге, ары қарай тағы да тосын мінез көрсетті.

Нәтижелі әдіс бойынша жеңілген Грузия балуаны жұбаныш белдесуінде Өзбекстан өкілімен шығуы тиіс еді. Осыдан кейін ол жарыстан шеттетіліп, дискавалификацияға жіберілді.

Гурам Тушишвили Токио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ, 2018 жылы әлем чемпионы, 2024 жылы әлем біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам