Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Дзюдодан Олимпиада чемпионының әкесі қамауға алынды

02.08.2024, 17:06

Хорватиялық дзюдошының әкесі волонтер қызды сүйіп алған

Дзюдодан Олимпиада чемпионының әкесі қамауға алынды
instagram.com/hrvatski_olimpijski_odbor

Дзюдодан Хорватияға алтын сыйлаған Олимпиада чемпионы Барбара Матичтің әкесі зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды.

Британдық БАҚ-тың мәліметінше, Париж Олимпиадасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Матичтің жетістігі жанжалмен аяқталды. Чемпионның әкесі волонтерді зорлап сүйгені үшін қамауға алынды.

«Олимпиада чемпионының әкесі қызы Матич ширек финалда жеңіске жеткеннен кейін волонтер қызды зорлап сүйіп алған», - деп хабарлайды Daily Mail.

24 жастағы волонтер қыз полицияға арыз жазып, Матичтің әкесі қамауға алынғаны белгілі болды. Хорват спортшысының өзі бұл оқиғаға ешқандай түсініктеме бермей, жеңісін тойлауды жалғастырған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам