Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Жынысын ауыстырмаған». Алжирлік БАҚ Иман Хелифті сынағандарға жауап берді

03.08.2024, 19:57

Иман Хелифтің отандастары оның еркек емес екенін жарыса жазып жатыр

«Жынысын ауыстырмаған». Алжирлік БАҚ Иман Хелифті сынағандарға жауап берді
egypttelegraph.com

Париж олимпиадасында боксшы Иман Хелифтің жынысына байланысты жанжал туындағаны белгілі. Алжирде жергілікті БАҚ боксшыға қолдау білдіріп, оның жынысын өзгертпегенін жазып жатыр. 

Бір күн бұрын Иман Хелифтің қарсыласы италиялық боксшы Анджела Карини жекпе-жек басталғаннан 46 секунд өткен соң бокстасудан бас тартты. Карини рингте көзіне жас алып тастап, тіпті бокстан кететінін де жариялады.

Ал Алжирлік әйел Иман Хелиф халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан сынға ұшарады. Дегенмен, Иман Хелифтің отандастары оның еркек емес екенін жарыса жазып жатыр.

«Иманның қыз екенін барлық алжирліктер біледі. Бізде оның бала кезінен түскен суреттері бар. Оның кедей отбасында өскенін туған жерінің бәрі растайды, ал мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оның бойындағы әлеуетті байқап, бокспен айналысуға түрткі болды. Иманның тестостерон деңгейі жоғарылағаны белгілі, бұл көптеген спортшы әйелдердің бойындағы табиғи ерекшелігі және генетикалық бейімділік. Оны Құдай солай жаратқан және әлемнің көптеген спортшылары осындай жағдайларға тап болып жатады. Мәселен, оңтүстік африкалық спортшы Кастер Семеня да бірнеше рет қудалауға ұшырап, айып тағылған», - деп жазған алжирлік БАҚ өкілдері.

Париждегі Олимпиада ойындарында Алжир делегациясының жетекшісі Иман Хелифқа қарсы айтылып жатқан сынға жауап берді. Ол Алжир Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) шағым түсіргенін хабарлады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам