“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Мүшесі бөгет болды»: француз атлеті алты рет талпынып финалға шыға алмады (ВИДЕО)

03.08.2024, 23:07

Оның командалас серіктері де финалдық кезеңге өте алмады

«Мүшесі бөгет болды»: француз атлеті алты рет талпынып финалға шыға алмады (ВИДЕО)
Kevin Voigt/GettyImages

Франциялық жеңілатлет Антони Аммирати сырықпен биіктікке секіруден Париж Олимпиадасының финалына алты рет талпынып шыға алмады.

Аммирати қанша тырысса да, оған 5,7 метр биіктік бағынбады. Ол бір мүмкіндігінде көлденең таяқшаны қағып кетсе, тағы бірде тізесі тиіп кетті. Ал кезекті секіргеніне оның жыныс мүшесіне тиген таяқша бағанадан түсіп кетті. Осыдан кейін ол бір жола жарысты тоқтатты.

Аталған спортшымен бірге сынға түскен франциялық Тибо Колле мен Робин Эмиг те іріктеу кезеңінен өте алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам