“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Айдос Сұлтанғали мен Әлімхан Сыздықовтың қарсыластары анықталды

04.08.2024, 19:25

Грек-рим күресінен қазақстандық балуандар жарысты бастайды

Айдос Сұлтанғали мен Әлімхан Сыздықовтың қарсыластары анықталды
ҰОК

Париж Олимпиадасында грек-рим күресі бойынша 2 салмақта жеребе тартылып, Қазақстан балуандарының қарсыластары анықталды. Өзге салмақ дәрежелері бойынша турнир кестесі алдағы күндері белгілі болады.

60 келіде Айдос Сұлтанғали жарысты 1/8 финалдан бастайды. Оның қарсыласы грек-рим күресінен 2 дүркін әлем чемпионы, қырғыз балуаны Жоламан Шәршенбеков болмақ.

Отандасымыздың алғашқы қарсыласы өте тәжірибелі спортшы. Ол осы салмақта чемпион атануы мүмкін балуан ретінде тізімнің көшін бастап тұр. Айта кететін жайт, Токио Олимпиадасында да қырғыз балуаны қазақстандық Мейрамбек Айнағұловқа бірінші айналымда қарсылас атанған еді.

Ал 130 келіде Әлімхан Сыздықов румын балуаны Алин Алексус-Чурариумен сынға түседі. Аталған спортшы 2022 жылы әлем біріншілігінде аса ауыр салмақта қола жүлде иеленген. Егер Әлімхан алғашқы белдесуді жеңіспен бастаса, келесі кезеңде Әзірбайжан-Эстония балуандарының жұбымен кездеседі. Эстон спортшысы 2012 жылы Лондон Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған.

Бұл салмақтың мықтылары 4 дүркін Олимпиада чемпионы, кубалық Михайн Лопес пен өткен жылғы әлем біріншілігінің жеңімпазы, парсы балуаны Амин Мирзазаде бір топқа түсіп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам