“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Бес дүркін Олимпиада чемпионы Қазақстан халқына алғыс айтты

04.08.2024, 15:43

Ол қазақстандықтарға Париж төрінен сәлем жолдады

Бес дүркін Олимпиада чемпионы Қазақстан халқына алғыс айтты
kz.ambafrance.org

Аты аңызға айналған дзюдошы қазақстандықтарға алғысын білдірді. Париждегі Олимпиада қарсаңында ол Қазақстанға екі рет келіп, 2023-2024 жылдары Алматыдағы Дзюдо Академиясында Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге жаттыққанын айтты.

Тедди Ринер оған Қазақстанда жаттығуға тамаша мүмкіндік берілгенін атап өтіп, барлық қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, Францияның даңқты спортшысы Тедди Ринер Олимпиаданың 7 жүлдесін иеленген алғашқы дзюдошы атанды. Ол жекелей сын бойынша 2008-2024 жылдары Олимпиада ойындарында 3 алтын, 2 қола жүлде иеленсе, командалық сында екінші рет топ жарды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам